Іс-шаралар



Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің
«Оқитын өлке» акциясы аясында Т.Жармағамбетовтың шығармашылығы бойынша іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы
түрі
уақыты
Өткізілетін жері
1
«Оқитын өлке» акциясының ашылуы
Ашылуы
23.04.2014
АОК, а/к
2
«Қаламының ұшында сөзі қалған»
Тақырыптық сағат
маусым
Жосалы а/к
3
«Тобық Жармағамбетов әлемі»
Танымдылық сағат
қыркүйек
Жосалы а/к, Әлімбет а/к
4
«Ақтөбе жерінің даңқты ұлы – Тобық Жармағамбетов»
Тақырыптық папка
Жыл бойы
Петропавл а/к, Ш.Қалдаяқов а/к
5
«Т.Жармағамбетовтың әдеби мұрасы»
Кітап көрмесі
мамыр
Петропавл а/к,
6
«Тобық - тағдыр»
Кітап көрмесі
Жыл бойы
Ақжайық а/к, Қосестек а/к
7
«Мұратына асыққан мұра»
Тақырыптық папка
Жыл бойы
Ақжайық а/к
8
   «Жарқын бейне»

маусым
Мамыт а/к
9
«Тобық мұрасы – ұрпақ санасында»
Кітап көрмесі
сәуір
АОК
10
Қаламгер туралы естеліктер
Дөңгелек үстел
шілде
Қайрақты а/к
11
«Сезімтал суреткер»
Ақпараттық сағат
тамыз
Степной а/к
12
«Жазушы және шығарма»
Шығарма сайысы
қыркүйек
АОКЖ
13
«Мұратына асыққан мұра»
Дөңгелек үстел
тамыз
Велихов а/к
14
«Жақсының аты өлмейді»
Акция жабылуы
қараша
АОКЖ



                 

  «БЕКІТЕМІН»
Аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы
___________М.Тлеужанов

«Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жерлес жазушы Т. Жармағамбетовтің шығармашылығына арналған «Үздік әдістемелік құрал» байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1.     Жалпы ережелер
1.1.          «Оқитын өлке» акциясы аясында 2014 жылы облыс көлемінде жаппай оқуға таңдалған жазушы Тобық Жармағамбетовтің 80 жылдығына орай шығармашылығын насихаттауға арналған «Үздік әдістемелік құрал» байқауы жарияланады.
1.2.          Байқауды ұйымдастырушы
-         Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
-         Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі
2.     Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
-         жерлес жазушы Т.Жармағамбетовтің әдеби туындыларын жастар мен қалың жұртшылық арасында кеңінен насихаттау;
-         кітапхана мамандарының кәсіби беделін арттыру;
-         өз тәжірибесі мен шеберлігін әріптестеріне таратқысы келетін шығармашыл кітапхана мамандарын анықтау;
-         кітапхана мамандарының шығармашылық әлеуметін, инновациялық іс-әрекетін белсендіру;
-         жаңа инновациялық бастамаларды, ойларды, технологияларды және жұмыс түрлерін тәжірибеге енгізу.
3.     Байқауды өткізу тәртібі
-         Байқауға қатысушы Үздік әдістемелік құралды анықтау үшін арнайы комиссия құрылады;
-         Комиссия құрамы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының бұйрығымен бекітіледі;
-         Байқауға қатысу үшін материалдар 2014 жылдың 1 маусымынан 1 қазанға дейін Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне тапсырылады.
-         ұсынылған жұмыстарды сараптау 1қазан-15 қазан аралығында өткізіледі.
-         байқау қорытындысы «Оқитын өлке» акциясының жабылуында шығарылады.
4.     Байқаудың талаптары мен әдістемелік құралдың жабдықталуы
-         Ұсынылған әдістемелік құралдағы материалдың мазмұндылығы;
-         Жаңа технологияларды орынды қолдана білу;
-         Кітапханалық насихат жұмыстарының жаңаша түрлерін ұсыну;
-         Әсем безендірілуі;
-         Ұсынылған әдістемелік құрал электорнды және баспа түрінде болуы тиіс;
-         Жобада ұсынылған шара саны екіден аспауы керек (шрифт Times New Roman, өлшемі-14, интервал 1,5). Құрастырушының толық аты-жөні, тегі, қай кітапхана және электронды мекен-жайы болса көрсетілуі керек.
-         Авторлық құқықтың сақталуы
5.     Байқау жеңімпаздарын марапаттау
-         Байқауға ұсынылған ең үздік әдістемелік құрал  Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен, сыйлықтарымен марапатталады.
-         Үздік әдістемелік құралдар бір жинаққа енгізіліп баспатүріндегі және электронды нұсқалары аудан кітапханаларына таратылады.



Мекен-жайымыз:

030500, Бадамша ауылы,
Әйтеке би көшесі №32 үй,
Тел: 8(71342) 23-530,


Комментариев нет:

Отправить комментарий